ДЕТАЛИ

Соңғы мәліметтер бойынша Қарағанды облысының Шахтинск қаласына қарасты Шахан кентінде опырылып түскен 5 қабатты тұрғын үйдің астында 9 адам қалып, қаза тапты.

Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр, 280 адам мен 16 техника жұмылдырылған.

Қарағанды облысының Шахтинск қаласына қарасты Шахан кентінде опырылған 5 қабатты тұрғын үйдің астынан тірі қалған 6 адам табылды. Олардың біреуі – бала. Оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары хабарлап отыр. 9 адам үйінді астында қалып, қаза тапты.

Құлаған үйдің 30 тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілген. Қазір құтқарушылар қиранды астын жіті тексеріп жатыр. Оқиға орнында 16 техника бар. Шұғыл байланыс желісі жұмыс істеп тұр. (8 (72156) 3-24-17)

Қуаныш Мүталапов, Қарағанды облысының ТЖД ресми өкілі

1987 жылы салынған 5 қабатты үй, 60 пәтер бар. Бұзылған үйдің үйінділерін құтқарушылар тазалап жатыр. Жалпы саны 280 адам осы жерде жұмыс істеп жатыр. Құтқарушылар 115 адам, қалғандары мекемелер және де еріктілер өдері келіп көмектесіп жатыр.

Авторы: Ардақ Асылханұлы

Шахан кентінде опырылған тұрғын үйдің астынан тірі қалған 6 адам табылды скачать видео - Скачать

Комментарии


Комментарии